Елімізде электросамокатпен тротуарлар және жаяу жүргіншілер жолымен жүруге заңмен тыйым салынды

26.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Елімізде электросамокатпен тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруге заңмен тыйым салынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Соңғы жылдары бұл мәселені тұрғындар жиі көтеріп жүрді. Өйткені тротуарда ең алдымен жаяу жүргіншілер өздерін қауіпсіз сезінуі керек. Әсіресе балалар, қарттар, баламен жүрген ата-аналар үшін бұл өте маңызды. Статистика да мәселенің өзекті екенін көрсетіп отыр. 

Жыл басынан бері электросамокаттарға қатысты 139 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, екі адам қаза тапты. 

Электросамокаттарға тыйым салынып отырған жоқ. Тек оларды қай жерде және қандай тәртіппен пайдалануға болатыны нақты белгіленді. 

Полиция жаңа талаптардың сақталуын толық бақылауға дайын. Бақылау тек көшедегі патрульдермен шектелмейді. Бейнебақылау камералары, техникалық тіркеу құралдары және дрондар пайдаланылады. Ал ірі қалаларда электросамокатпен жүретін полицияның мобильді топтары жұмыс істеп жатыр. Бұл оларға самокаттар көп жүретін жерлерде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Сондықтан полиция қызметкері көрінбесе, бақылау жоқ деген сөз емес. Құқық бұзушылық техникалық құралдар арқылы да тіркеліп, заң аясында тиісті шаралар қабылданады. 

Электросамокаттарды жалға беретін компанияларға талап қойылды. Барлық оператордың жаңа ережелер туралы хабары бар және оларды орындауға міндетті. 

— Біздің басты міндетіміз — жаңа талаптардың іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ету. Тротуар жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз болу керек, ал электросамокатты пайдаланушылар белгіленген тәртіпті сақтауы қажет. Бұл өзгерістердің артында қоғамның қауіпсіздікке деген сұранысы тұр. Ендігі міндет — жаңа талаптарды сақтау. Полиция өз тарапынан тиісті бақылауды қамтамасыз етеді, — деп атап өтілді ІІМ-де.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью