Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта нарықта ет өнімдері жеткілікті көлемде бар және олардың бағасы айтарлықтай құбылып жатқан жоқ.
Оның мәліметінше, өткен демалыс күндері жүргізілген мониторинг нәтижесінде сүйекті сиыр етінің базардағы бағасы шамамен 3 700 теңгені құраған. Сауда желілерінде бұл көрсеткіш сәл жоғары болғанымен, өнім тапшылығы байқалмайды.
Шаруаларға сиыр етінің бағасын 3275 теңгеден асырмау міндеттелді
Министр сиыр етінің қымбаттауын әлемдік нарықтағы сұраныстың артуымен байланыстырса, қой еті бағасының өсуіне Парсы шығанағындағы оқиғалар әсер еткенін айтты.
Сонымен қатар ол биыл ет бағасының айтарлықтай өсуі болжанбайтынын, мемлекеттік органдардың негізгі міндеті – бағаны тұрақтандыру екенін жеткізді.
Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов та бағаның өсуіне сыртқы факторлар ықпал еткенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстандағы етке, әсіресе, көрші Өзбекстан тарапынан сұраныстың артуы бағаға әсер еткен.
Сондай-ақ вице-министр бұрын енгізілген экспорттық квоталар ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік бергенін айтты. Қазір квоталау тоқтатылғанымен, ет экспорты жалғасып жатыр және нарықтағы баға тұрақты деңгейде сақталып отыр.