Елімізде фармацевтикалық өндіріс көлемі 8,2% ға өсті

22.03.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

— Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша фармацевтикалық өндіріс көлемі 8,2%-ға өсіп, 191,1 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2024 жылы 175,8 млрд теңге болған. Ал 2026 жылдың қаңтар айындағы фармацевтикалық өндіріс көлемі — 15,7 млн теңге, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрліктің мәліметінше, бүгінгі таңда елімізде 209 қазақстандық тауар өндіруші тіркелген. Олардың 43-і дәрілік заттарды, қалғандары медициналық бұйымдарды өндіреді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, фармацевтикалық өнімдер өндірісі саласында 316,3 млрд теңге сомасына 6 инвестициялық келісім жасалды. Соның арқасында дәрілік заттың 400-дей түрі өндіріліп, 1100-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылмақ.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью