24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды.. Қостанайда кітапқұмар балалардың саны екі есеге артқан.
Бұл кейінгі бір жылдағы көрсеткіш. Жеткіншектердің қызығушылығының артуына «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы «Балалар кітапханасы» жобасы
Ұстаздар қауымы оқушылардың кітап оқып, рухани азық алуға ынтасы күшейгенін айтады.
Қостанайдағы №28 мектеп-лицейде 500-ден астам бала оқиды. Мұнда жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге аса мән береді.
Әсіресе кітап оқуға дағдыландыру ерекше назарда. Гүлдер Нұрманова, кітапхана меңгерушісі: - Мектебімізде 2025 жылы «Ақылды кітапхана» деген
Сол жүйе бойынша жұмыс істейміз. Оқушылар осы жобаға байланысты өздеріне ұнаған кітаптарын алады.
Сол кітапты мен электронды жүйеге тіркеймін. Біздің мектебімізде 535 бала бар. Соның ішінде 350 бала, 70 пайызы оқиды кітапты.
Мектеп кітапханасының қоры оқушылардың сұранысына сай, демеушілердің көмегімен үнемі толықтырылып отырады.