Елімізде мектептер жаңғыртылып жатыр

24.12.2025

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Елдегі білім беру жүйесі жаңғыртылып жатыр. Соның бірегейі – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы. Бұл жаңа ғимарат салып қоюмен ғана шектелмейді.

Баланың жан-жақты дамуына қолайлы, қауіпсіз және инклюзивті орта қалыптастыруға бағытталған стратегиялық іс. Сонымен осы мақсаттағы құрылыстың қолға алынғанына үш жыл. Биылғы жоспар 460 мың орынға шақталған 217 мектеп. 181-і бой көтерді. 44 пайызы ауылдық жерлерде. Бұдан бөлек, реновация деген бағдарлама бар. Білім ошақтарына рең кіргізуге арналған. Осылайша 1300 мектеп жаңа кейіпке енеді. 820-сы елді мекендерде орналасқан. Жаңғырту аясында мектептерге күрделі жөндеу жүргізу, пәндік кабинетпен жабдықтау, жиһаздарын жаңалау, талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосу, спорт зал, кітапхана мен асханамен қамту және  қауіпсіздік жүйелері мен аумақтарды заманауи стандарттар бойынша абаттандыру жатады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью