Елімізде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру қағидаларына өзгерістер енгізіледі

24.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Құжаттың негізгі мақсаты – инвестициялық ахуалды жақсарту және ірі жобаларды жүзеге асыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарту.

«Ашық НҚА» порталында жарияланған мәліметке сәйкес, ұсынылып отырған өзгерістер халықаралық қаржы ұйымдары қаржы бөлетін мемлекеттік инвестициялық жобаларды қарау рәсімдерін жетілдіруге, оңтайландыруға және барлық кезеңдердегі келісу мерзімдерін қысқартуға бағытталған.

Атап айтқанда, сыртқы қарыз есебінен қаржыландырылатын инвестициялық ұсыныстарды қарау мерзімін 20 жұмыс күнінен 12 жұмыс күніне дейін қысқарту көзделіп отыр. Құжат қайта ұсынылған жағдайда бұл мерзім 8 жұмыс күніне дейін қысқарады. Сондай-ақ мұндай жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесіне жүргізілетін экономикалық сараптама мерзімі 26 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне, ал қайта қарау кезінде 15 жұмыс күніне дейін азайтылмақ.

Бұдан бөлек, оң экономикалық қорытынды алынғаннан кейін жобаны қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімді ұсыну мерзімі 10 жұмыс күнінде бітуі керек. Дәл осындай уақыт ішінде қорытынды әзірленіп, материалдар бюджеттік комиссияның қарауына енгізілуі тиіс.

Бұл шаралар мемлекеттік инвестициялық жобаларды іріктеу мен жүзеге асыруды жеделдетіп, олардың ашықтығы мен тиімділігін арттырады. Сонымен қатар жаңа жобалар санын көбейтіп, елдің инвестициялық тартымдылығын күшейтеді.

Аталған құжат жобасын қоғамдық талқылау 2026 жылғы 14 мамырға дейін жалғасады.

Айта кетейік, «Ашық НҚА» порталында Көлік министрлігінде күту аймақтарының инфрақұрылым параметрлерін, жол қозғалысын ұйымдастыру тәртібін және техникалық жабдықталу деңгейін егжей-тегжейлі реттейтін құжат қаралып жатыр

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью