Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Құрметті атақ қайырымдылықты дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарды, қайырымдылық ұйымдары мен волонтерлерді мынадай бағыттар бойынша марапаттау мақсатында беріледі:
● туған өлкені қолдауға және дамытуға арналған ауқымды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру;
● аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттілігі бар балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен зейнеткерлерге өтеусіз қолдау білдіру;
● Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, қандастарға, сондай-ақ төтенше жағдайдан зардап шеккен аумақтарға жәрдемдесу;
● Қазақстандағы және шетелдегі медициналық ұйымдарда шұғыл ақылы ем алуға мұқтаж азаматтарға қайырымдылық көмек көрсету;
● ғылым, инновация, білім, мәдениет, өнер және спорт салаларын қолдауға, тарихи және этномәдени мұраны сақтауға қолдау көрсету;
● жануарларды қорғау мен олардың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосу;
● кәсіпкерлік субъектілері арасында корпоративтік қайырымдылықты дамыту.
Құжаттар биылғы 1 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында (қоса алғанда) қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қабылдайды.
Құжаттарды мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар мына тәсілдердің бірі арқылы ұсына алады:
1. a.isimbayeva@mki.gov.kz электрондық поштасына (DOC, DOCX немесе PDF форматында);
2. Министрліктің кеңсесіне қағаз және электрондық тасымалдағышта (CD-диск немесе USB флеш-жинақтаушыда DOC, DOCX немесе PDF форматында) қолма-қол өткізу немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жолдау.
Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар мына құжаттарды тапсырады:
1. қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;
2. дипломдардың, грамоталардың және алғыс хаттардың көшірмелері (бар болса);
3. құрметті атаққа үміткердің немесе ол туралы жарияланған мақалалар мен жарияланымдардың көшірмелері (бар болса);
4. әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме (бар болса).
Құрметті атақ алғаннан кейін үш жыл ішінде үміткерді қайта ұсынуға жол берілмейді.
Қайырымдылық субъектілері құрметті атаққа бір ғана бағыт бойынша ұсынылады.
Жеңімпаздарды азаматтық қоғам, квазимемлекеттік сектор және мемлекеттік органдар өкілдері кіретін Конкурстық комиссия айқындайды.
Конкурсқа қатысуға қатысты сұрақтар бойынша 8 (7172) 74-03-11, 74-06-74 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.