Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл елімізде газдандыру бойынша 40 жоба іске асырылып жатыр. Нәтижесінде 10 елді мекенде 32 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді.
Жобалар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарын, сондай-ақ Ұлытау және Жетісу облыстарын қамтып отыр.
Сонымен қатар «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңінің құрылысы жүріп жатыр. Биыл жыл соңына дейін жылына 10 млрд текше метр газ өткізу қуатымен газ құбырының желілік бөлігінің құрылысын аяқтау жоспарланған.
Осыған дейін еліміздің табиғи газ әлеуетін арттыру үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқаны жөнінде жаздық.