Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
— 2025 жылы зиянды және өзге де қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істеген қызметкерлердің нақты саны 396,5 мың адамды құрады, бұл зерттелген кәсіпорындардағы барлық қызметкердің (1,7 млн-нан) — 22,2%. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін әйелдердің нақты саны 80,4 мың адам болды, — делінген ведомство келтірген ақпаратта.
Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндердің ең көп саны өнеркәсіп саласында тіркелді — 272,7 мың адам. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 115 мың адам, тау-кен өндіру және карьерлерді игеру саласында 114,7 мың адам жұмыс істейді.
Зиянды еңбек жағдайларында жұмыспен қамтылғандардың ең жоғары көрсеткіші Қарағанды облысында — 56,3 мың адам, Маңғыстау облысында — 37,2 мың адам, Павлодар облысында — 49,2 мың адам, Шығыс Қазақстан облысында — 25,1 мың адам және Алматы қаласында — 24,5 мың адам тіркелді. Ең төмен көрсеткіш Алматы облысында — 4,1 мың адам.
2025 жылы меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға жұмсаған шығындары 558,1 млрд теңгені құрады.
Осыдан бұрын зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін 8,7 мың адамға әлеуметтік төлем жасалғанын жазғанбыз.