Елімізде QR мен жасалған төлемдердің көлемі 8 триллион теңгеге жетті

10.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: Ашық дереккөз

Өңірлік көрсеткіштер

Төлемдердің басым бөлігі әлі де ірі қалаларда шоғырланған:

Алматы – 37,2 трлн теңге (елдегі жалпы көлемнің жартысынан астамы); Астана – 6,6 трлн теңге; Шымкент – 4,6 трлн теңге.

Карта айналымындағы қолма-қол ақшасыз төлем үлесі бойынша Алматы облысы (92,3%) көш бастап тұр. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында (74%) тіркелді.

Елімізде қолма-қол ақша алу операцияларының саны азайған

Төлем тәсілдері және QR-кодтың өсімі

Интернет пен мобильді қосымшалар 78,9% үлеспен (58,4 трлн теңге) негізгі есеп айырысу құралы болып қала береді. Дегенмен, нарықтағы ең қарқынды дамып жатқан сегмент – QR төлемдері.

QR арқылы төлемдер көлемі 1,5 трлн теңгеден (2023 ж.) 8 трлн теңгеге (2026 ж.) дейін өсіп, нарықтағы үлесі 3%-дан 10,8%-ға дейін артты. QR-код арқылы төлеу қатарынан екінші жыл дәстүрлі POS-терминалдардан (7,5 трлн теңге, үлесі 10,2%) озып тұр.

Халық қолға ақша ұстамайтын болды: Айналымда қанша банк картасы бар?

Бірыңғай QR жүйесі

Нарықтың дамуындағы келесі маңызды қадам – бірыңғай QR жүйесін енгізу. Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктердің шешімімен бұл жүйе 2026 жылдың 19 шілдесінен бастап толық іске қосылады.

Жүйенің басты артықшылығы – осыған дейін сатып алушылар кассада тұрған QR-кодтың қай банкке тиесілі екеніне тәуелді болатын. Жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін, дүкенде қай банктің коды тұрғанына қарамастан, клиент кез келген банктің мобильді қосымшасымен төлем жасай алады. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью