Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Тоқаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады.
Министр президентке елімізде қылмыс саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9%-ке төмендегенін айтты.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял министра внутренних дел Ержана Саденова
Касым-Жомарт Токаев принял министра внутренних дел Ержана Саденова
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Министрдің айтуынша, есепті кезеңде өткен жылдары жасалған 1685 қылмыс ашылған. Сондай-ақ сот төрелігінен жасырынып жүрген 574 қылмыскер, оның ішінде 89-ы шетелден табылған.
Сәденов президентке киберқылмысқа, есірткі қылмысына, ұйымдасқан қылмысқа және экстремизмге қарсы күрес нәтижелері жөнінде ақпарат берді.
Тоқаев елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық жүйені қамтамасыз ету үшін "Заң мен тәртіп" қағидатын нақты жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.