Елімізде сәби өлімі 20,2% ға төмендеді

21.10.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында берілген тапсырмалар аясында еліміздің денсаулық сақтау жүйесі кешенді жаңғыртудан өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: istockphoto.com

Бұл бағыттағы жұмыстар медициналық қызмет сапасын арттыруға, инфрақұрылымды күшейтуге, мамандардың әлеуетін көтеруге және цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге бағытталған.

Жүргізіліп жатқан шаралар нақты нәтижесін беріп отыр. Атап айтсақ, биылғы жылдың 1 қазанына дейін халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері айтарлықтай жақсарған. Жалпы өлім-жітім деңгейі 2,7%-ға төмендесе, сәби өлімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,2%-ға азайған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью