Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
- Екінші станса бойынша шешім бар. Ол да Балқашта орналасады. Қазіргі уақытта 3 перспективалы алаң зерттеліп жатыр. Талқылау қорытындысы бойынша сіздерге нақты қай жерде орналасатынын хабарлаймыз. Екінші атом стансасының жұмыс атауы да бар. Ол Мойынқұм АЭС-і деп аталады, - деді агенттік төрағасы Ақордада БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның мәліметінше, екінші стансада да қуаты 1200 Мвт-тық екі блок салу жоспарланған.
- Қазіргі уақытта серіктесімізбен әлеуетті вендорды анықтау үшін келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бұған дейін айтқанымыздай қытайлық CNC компаниясы екінші атом электр стансасының құрылысы бойынша әлеуетті серіктес ретінде қарастырылады, - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Бұған дейін болашақта Қостанай аумағында АЭС салынуы мүмкін екенін жазған едік.