Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Аутистік спектордағы кінәраттың себептері әлі күнге толық анықталмай келеді.
Бұл медициналық диагноз ғана емес, баланың дамуына, қарым-қатынас жасауына және қоғамға бейімделуіне әсер ететін күрделі жағдай, деп жазады qazaqstan.tv.
Сондықтан 2 сәуір дүние жүзінде аутизм туралы ақпарат тарату күні болып бекітілген.
Аутизм – ауру емес, даму ерекшелігі. Оны ерте бастан анықтап, түзету маңызды. Аутизммен бетпе-бет келген көп отбасы қиындықпен жалғыз күреседі, бұл дұрыс емес, дейді мамандар.
Әлемде әр 100 баланың біреуі аутизм диагнозымен өмірге келеді. Қазақстанда 21 мыңнан астам бала тіркеуде тұр. Мамандардың айтуынша, диагнозды дөп басқанның арқасында баланың бойындағы кінәратты ерте анықтауға болады.