Елімізде сотталған азаматтардың қаншасы рақымшылыққа ілігеді?

03.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

«Осыдан тура бір жыл бұрын, яғни 2025 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай рақымшылық жасалған болатын. Сол кезде жеңіл және орташа ауыр қылмыс жасаған азаматтардың бір бөлігі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды.Осыған байланысты бірнеше сұрағым бар.

Біріншіден, биылғы рақымшылыққа шамамен қанша сотталушы ілігеді?

Екіншіден, өткен жылы рақымшылықпен босатылған адамдардың қаншасы кейін қайтадан қылмыс жасап, бас бостандығынан айыру жазасына сотталды? Қазір сол адамдарға жаңа рақымшылық қолданылуы мүмкін бе? Жалпы мұндай статистика жүргізіле ме?

Үшіншіден, егер рақымшылық алған адам қайтадан қылмыс жасаса, онда мұндай кешірім жасау акциясының мәні мен тиімділігі қандай деп есептейсіздер?», деді депутат.

Қазақстанда кімдердің әкімшілік жазалары толықтай кешіріледі?

Әділ Жұбановтың сауалына Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков жауап берді.

«Өткен жылғы рақымшылық жасау актісіне сәйкес 15 мыңнан астам сотталған адамның қылмыстық жазасы жеңілдетілді. Олардың бір бөлігі босатылса, енді бірінің жаза өтеу мерзімі қысқартылды. Биылғы жылы алдын ала есептеулер бойынша шамамен 15 мың сотталған адам қылмыстық рақымшылыққа ілігуі мүмкін. Оның ішінде 5 мыңнан астамы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқандар болса, қалғандары пробациялық бақылаудағы сотталғандар.

Өткен жылғы рақымшылық аясында 2 300-ге жуық адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылды. Өкінішке қарай, олардың ішінен 8 адам қайтадан қылмыс жасап, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Заң жобасының 3-бабына сәйкес, бұрын рақымшылық қолданылып, кейін қайтадан қылмыс жасаған адамдардың әрекеттерінде рецидив белгілері болған жағдайда, оларға рақымшылық қолданылмайды», деді министрлік өкілі.

Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?

Абай Қайырбековтің айтуынша рақымшылық нәтижесінде қайта қылмыс жасаған азаматтардың саны өте төмен. Бар болғаны – 8 адам. Оның үстіне бұл азаматтардың жасаған әрекеттері ауыр қылмыстар санатына жатады және олардың іс-әрекеттерінде қылмыстың қайталануы, яғни рецидив белгілері бар. Сондықтан оларға биылғы рақымшылық қолданылмайды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью