Елімізде Тазару күніне екі мың жас белсене қатысты

24.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Іс-шараларға еліміздің жетекші жастар және қоғамдық ұйымдары қатысты. Жалпы қатысушылар саны шамамен 2 мың адамды құрады.

Айтулы бастамалардың бірі — экологиялық мәдениет пен жеке жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған «Өзіңнен баста» челленджі. Бастаманы «Jasyl El» жастар еңбек жасақтарының мүшелері қолға алып, ол бүкіл ел жастары арасында кең қолдау тауып, барлық өңірді қамтыды.

Сонымен қатар өңірлік жастар ресурстық орталықтары мерекелік іс-шаралар аяқталғаннан кейін қоғамдық кеңістіктер мен Наурыз тойланған орындарды тазалау жұмыстарын жүргізді.

Еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастары табиғи бұлақтар мен су көздерін тазартуға бағытталған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына белсенді қатысты.

Аталған іс-шаралар Наурыз дәстүрінде орныққан тазалық, табиғатқа жанашырлық және экологиялық жауапкершілік құндылықтары төңірегінде жастардың топтасуының жарқын көрінісіне айналды.

Осыған дейін қазақстандық еріктілер ел тұрғындарын «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын қолдауға шақырды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью