Елімізде тоғыз мыңға тарта қайтарымсыз грант берілді

20.10.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бүгін елде бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттарға өтінім қабылдау басталды. Үнемделген қаражат есебінен тоғыз өңірде 270 грант беру жоспарланып отыр. Қаржы қайтарымсыз негізде беріледі.

Елде жыл басынан бері 8 964 адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға қаржы алды. Оның 5539-ы ауыл тұрғыны. 1,5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант алғандардың бірі –  Жетісулық Әсем Оразалинова. Көп балалы ана маусым айында жобаға өтінім қалдырған. Сөйтіп Ұлттық қол өнерді дамыту бағыты бойынша грант жеңіп алып, қаржыға заманауи шаш құралдарын сатып алды.

Әсем Оразалинова, кәсіпкер:

- Грант тек халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұлғаларға беріледі. Жоба 2018 жылы бастау алған. Содан бері жыл сайын талапқа сай, кәсібімді дөңгелетем деген жанға 9 мың грант үлестіріліп келеді. Биыл мал шаруашылығына – 2228 грант, өсімдік шаруашылығына – 82 грант берілген. Ал 2 589 адам еңбек құралдарын, 3930 технологиялық жабдықтарды сатып алған. Сондай-ақ орын жайды жалға алуға – 135 қайтарымсыз грант берілген.

Аяулым Берекенова, ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту департаментінің басқарма басшысы:

- Біз биыл 9 мың грант береміз деп жоспарлағанбыз. Екі потоктың қорытындысы бойынша 8964 адам грант алған болатын. Ар жағында қалған 36 грант бар. Одан бөлек бізде 1-2 поток шеңберінде грант алғандар арасында бастартып жатқандар бар. Сондай адамдардың есебінен тағы да 234 грант береміз. Сонда жалпы саны 270.

Гранттарға өтінім Business.enbek.kz порталы арқылы 3 қарашаға дейін қабылданады. Кейін үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырысында таныстырады. Онда жобаның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі қаралады. Артынша талапқа сай келген жандарға гранттар үлестіріледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью