Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: istockphoto.com
Құжат топырақты қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды әрі топырақтың жай-күйін басқарудың заманауи тетіктерін енгізуді көздейді.
Атап айтқанда, Заңда топырақты қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай ұғымдары, мақсаттары мен қағидаттары енгізіледі; мемлекеттік органдардың өкілеттіктері нақты ажыратылады; топырақтың жай-күйіне кешенді мониторинг жүргізудің бірыңғай жүйесі құрылады; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға топырақ құнарлылығын сақтау, молықтыру және қалпына келтіру жөнінде міндетті талаптар белгіленеді; сондай-ақ топырақтық зерттеулер жүргізу, агрохимиялық талдау жасау және жерді ұтымды пайдаланудың заманауи технологияларын енгізу арқылы ғылыми сүйемелдеу күшейтіледі.
Шаруаларға талап күшейеді: Топырақты бақыламаса, субсидия берілмейді
Сонымен қатар Сенат Жер кодексіне және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына ілеспе түзетулерді қабылдады. Бұл түзетулер қолданыстағы заңнаманың жаңа заң ережелерімен өзара үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
«Топырақты қорғау туралы» Заңның қабылдануы жер ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырудағы маңызды қадам саналады. Заңды іске асыру топырақты қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, жердің тозу қарқынын төмендетуге, топырақ құнарлылығын сақтап, қалпына келтіруге, агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуына қолайлы жағдай жасауға және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Астанада дронның көмегімен заңсыз топырақ ұрлағандар анықталды
Жаңа заң сондай-ақ заманауи агротехнологияларды тиімді қолдануға, саланың ғылыми қамтамасыз етілуін дамытуға және жер қатынастарына қатысушылардың барлығының еліміздің аса маңызды табиғи ресурстарының бірі - құнарлы топырақты сақтау жөніндегі жауапкершілігін арттыруға негіз қалайды.