Елімізде Тұрмыс жедел профилактикалық іс шарасы өтіп жатыр

17.02.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы, оның ішінде алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында 15-22 ақпан аралығында ел аумағында "Тұрмыс" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

     Іс-шара аясында полиция қызметкерлері:

     – тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексереді;

     – қолайсыз отбасылармен алдын алу жұмыстарын жүргізеді;

     – құқықтық ықпал ету шараларын қабылдайды;

     – құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды;

     – зардап шеккендерді қорғауды және қолдауды қамтамасыз етеді.

Үкіметтік емес ұйымдармен және дағдарыс орталықтарымен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.

– Құрметті азаматтар! Біз сіздерді зорлық-зомбылық фактілеріне бей-жай қарамауға шақырамыз. Егер сіз көршілеріңіздің арасында, таныстарыңыз бен туыс арасында немесе көшеде кездейсоқ заңсыз әрекеттерге куә болсаңыз бей-жай қалдырмаңыз. Кейде бір ғана уақытылы қоңырау шалу немесе қарапайым ғана әрекет ету біреудің өмірін сақтап, бір баланы үрейден қорғай алады. Біз зорлық-зомбылыққа төзбеушілік таныту арқылы ғана қауіпсіз және әділ қоғам құра аламыз, – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Ақмарал Серікбаева.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью