Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсету, оларды күтіп-бағу және серуендету ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік айтарлықтай күшейтілмек. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Сенаттағы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, «Жануарларға жауапты қарау туралы» заңға енгізілетін түзетулер бірнеше бағыт бойынша талаптарды күшейтеді.
Заң жобасына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке жатпайтын жануарларға қатыгездік көрсету үшін айыппұл мөлшері азаматтар үшін 5-тен 30 АЕК-ке дейін (129 750 теңге), ал лауазымды тұлғалар үшін 10-нан 50 АЕК-ке дейін (216 250 теңге) өседі. Қайталанған жағдайда айыппұл көлемі тиісінше 50 және 100 АЕК-ке (432 500 теңге) дейін ұлғаяды.
Жануарлар туралы заңға енгізілген түзетулер: деректер, цифрлар және өзгерістердің себептері
Сондай-ақ жануарларды ұстау, питомниктерге тапсыру және серуендету ережелерін бұзғаны үшін де жауапкершілік күшейеді. Бұл ретте айыппұл мөлшері жеке тұлғалар үшін 10-нан 15 АЕК-ке (64 875 теңге), лауазымды тұлғалар үшін 20-дан 30 АЕК-ке (129 750 теңге), заңды тұлғалар үшін 30-дан 40 АЕК-ке (173 000 теңге) дейін артады. Қайталанған жағдайда айыппұл екі есеге көбейтіледі.
«Сонымен қатар, Мәжілісте жануарлар дүниесі мен аңшылық саласына қатысты заңнамаға өзгерістер қарастырылып жатыр. Енді жануарды баспанасына орналастырмай далаға қараусыз тастап кетуге әкімшілік жауапкершілік енгізіледі», деді Нұркен Шәрбиев.
Сенат резонанс тудырған жануарларға қатысты заңды Мәжіліске қайтарды
Мұндай жағдайда айыппұл көлемі:
– жеке тұлғаларға – 30 АЕК (129 750 теңге);
– лауазымды тұлғаларға – 50 АЕК (216 250 теңге);
– заңды тұлғаларға – 100 АЕК (432 500 теңге);
– қайталанған жағдайда – 2 есеге дейін өседі.
Сонымен қатар, алғаш рет жануарларды күтіп-бағу және серуендету ережелерін бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келсе, әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Бұл жағдайда жеке тұлғаларға 100 АЕК (432 500 теңге), қайталанса 150 АЕК (648 750 теңге), лауазымды тұлғаларға 150-200 АЕК, заңды тұлғаларға 200-400 АЕК (1 730 000 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.
Қазақстанда иесіз жануарларды тегін вакцинациялау тоқтатылады
Вице-министрдің айтуынша, бұл шаралар қаңғыбас және қараусыз жануарлар санын азайтуға бағытталған.
Нұрболат АМАНБЕК
Соңғы жаңалықтар
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Білім • Бүгін, 15:50
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 15:40
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Бабақұмаров ісіне қатысты үкім шықты: Шенеуніктің өліміне кінәлі адам 11 жылға сотталды
Заң • Бүгін, 15:22
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Каспийге қауіп төнді ме? Лавров АҚШ пен Израильдің соққысына қатысты мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 15:06
Аида Балаева: «е-Өтініш» қоғам мен билік институттары арасындағы сенім көпірі
Қоғам • Бүгін, 15:02
Ақмола облысында бірінші сынып оқушысының бетін ит тістеп алған
Оқиға • Бүгін, 15:01
Алматыда ауа ластануымен күрес қалай жүріп жатыр?
Экология • Бүгін, 14:56
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі: Сенат заңды мақұлдады
Қоғам • Бүгін, 14:31
Тізім кеңейеді: Енді теңге бағамы тағы 9 елдің ақшасына қатысты белгіленеді
Қаржы • Бүгін, 14:10
Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 13:48
Жеке таныс емеспіз: Меруерт Өтекешова продюсердің қымбат сыйлығына қатысты алғаш рет пікір білдірді
Мәдениет • Бүгін, 13:30