Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазақстанда үндістандық «Десилмакс» дәрілік препаратының медициналық қолданысы мен айналымына ресми түрде тыйым салынды. Денсаулық сақтау министрлігі жүргізілген сараптама нәтижесінен кейін осындай шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Фото: istockphoto.com
2026 жылғы 11 ақпанда Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы арнайы бұйрыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес «Десилмакс» таблеткаларын медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынады. Препарат ел аумағындағы барлық дәріханалардан кері қайтарылады.
Тыйым қабықпен қапталған, 100 мг дозадағы, 4 таблеткадан блистерге салынған, картон қораптағы өнімге қатысты. Өндіруші – үндістандық «Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед» компаниясы. Сериясы – BSE92301A, жарамдылық мерзімі – 2026 жылғы шілдеге дейін.
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Бұйрық қол қойылған сәттен бастап күшіне енді. Яғни препаратты медициналық мекемелерде қолдану мен дәріханаларда сату дереу тоқтатылды.
Препаратты айналымнан алу туралы шешім Ұлттық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығы жасаған қорытындыға негізделген.
Мамандар бұл дәріні қабылдап жүрген азаматтарға баламалы әрі қауіпсіз ем түрін таңдау үшін дәрігерге жүгіну қажеттігін ескертеді. Дәріхана иелері мен медициналық мекемелер бұйрық талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті. Ресми талаптарды бұзған жағдайда заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Фармацевтика саласындағы былық: Жалған құжатпен медициналық жабдықтар жеткізген компания анықталды
Соңғы жаңалықтар
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Мексикада атышулы қылмыстық топтың жетекшісінің қазасынан кейін жаппай тәртіпсіздік басталды
Әлем • Бүгін, 10:03
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Павлодарда көктайғақ салдарынан 150-ден астам адам жарақат алған
Оқиға • Кеше
Павлодарда автогаз бекеттерінің үштен бірінде заңбұзушылықтар тіркелген
Аймақтар • Кеше
Оралда тұңғыш рет қысқы спорт түрлерінен жалпыхалықтық фестиваль өтті
Аймақтар • Кеше
Интернет-алаяқтыққа қарсы нақты нәтиже: Жетісуда 600 мың теңге қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Үздік ондық: қазақстандық спортшылар 2026 жылғы Олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді
Олимпиада • Кеше
Атырауда азық-түлік бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Оқиға • Кеше