Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
2020 жылдан бері Қазақстанда 1,1 млн оқушы орнына арналған 1 242 жаңа мектеп салынды. Осы ауқымды жұмыстың нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 4 есеге, апатты ғимараттар саны 2,5 есеге, ал оқушы орнының тапшылығы 4 есеге қысқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп желісін жаңартудағы ең ірі қадам Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске қосылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы болды. Үш жыл ішінде, 2023 жылдан 2025 жылға дейін, елде жалпы сыйымдылығы 460 мыңнан астам оқушыға арналған 217 жаңа форматтағы мектеп пайда болды. Жаңа ғимараттар ауданы бойынша бұрынғы типтік жобалардан 15-20%-ға кең, ал техникалық жабдықталу деңгейі олардан төрт есе жоғары. Әрбір мектепте еңбекке баулу шеберханалары, музыка және хореография залдары, STEM-зертханалар, робототехника кабинеттері, коворкинг-аймақтар және спорт залдары жұмыс істейді.
Жоба 43 үш ауысымды және 8 апатты мектептің мәселесін толықтай шешуге мүмкіндік берді. Барлық кезеңдерде сапаны жүйелі бақылауды жобаны үйлестіруші Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қамтамасыз етеді.
Жаңа ғимараттар салумен қатар, қолданыстағы мектептерді ауқымды реновациялау жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 1 300 мектепті бірыңғай заманауи форматқа көшіру бағдарламасы іске қосылды. 2025 жылы осы бағдарлама бойынша 190 мың орынға арналған 245 мектеп жаңартылды. Жаңартылған ғимараттарда кітапханалар, асханалар мен спорт залдары жөнделіп, қауіпсіздік жүйелері реттелді.
Қосымша қаржыландыру көзі ретінде Президенттің тапсырмасымен құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жұмыс істейді. Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 86 мың орынға арналған 77 мектептің құрылысы аяқталды. Олардың басым бөлігі демографиялық жүктемесі жоғары аймақтарда орналасқан: Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Астана қаласында.
Мемлекет басшысы қойған басым міндеттердің бірі –қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасы алшақтығын жою. «Келешек мектептері» жобасы бойынша салынған мектептердің әрбір екіншісі дерлік ауылдық жерде орналасқан, барлығы 84 нысан. Реновация бағдарламасы қамтыған 1 300 ғимараттың 820-сы да ауылдарда орналасқан. Жыл сайын 1 000 оқу орнында пәндік кабинеттер жаңартыла отырып, жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрлігі шағын жинақты және ауылдық мекемелердегі білім сапасын арттыру, кадрлық қамтамасыз ету мен қауіпсіздік мәселелері бойынша стратегиялық шешімдер дайындап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін 2023-2025 жылдары Қазақстанда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мыңнан астам оқушы орнына арналған жаңа форматтағы 217 мектеп салынғанын хабарлаған едік.
Соңғы жаңалықтар
Елде таңбаланған дәрілердің үлесі 40%-ға жетті
Медицина • Бүгін, 16:31
Көкшетауда заманауи көпбейінді аурухана бой көтереді
Медицина • Бүгін, 15:33
Солтүстік Қазақстанда донор үш пациенттің өмірін сақтап қалды
Медицина • Бүгін, 15:22
Тауарлардың ұлттық каталогында өнім көлемі 20 млн позицияға дейін ұлғайды
Қаржы • Бүгін, 15:09
Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Биыл бала күтіміне байланысты 112 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді
Қоғам • Бүгін, 14:22
Абу-Дабиде әскери операцияның видеосын желіде таратқан 45 адам ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:42
Суретші Алпысбай Қазғұловқа Түркі дүниесі Көркемсурет академиясының атағы берілді
Қоғам • Бүгін, 13:32
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде үш тракторшы қызмет етеді
Әскер • Бүгін, 13:12
Қазақстан әлемнің 72-ден астам еліне ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізеді
Қоғам • Бүгін, 12:50
Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты
Теннис • Бүгін, 12:45
Үкімет Ақтау бу-газ қондырғысын салу жөніндегі келісімге қол қоюды мақұлдады
Үкімет • Бүгін, 12:22
Алғаш рет қазақ альпинистері Эйгер тауының солтүстік қабырғасын бағындырды
Қоғам • Бүгін, 12:14
Елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 11 мыңнан астам бала дүниеге келді
Медицина • Бүгін, 11:40
Ұландықтар Көрісу күні ата-аналарымен тілдесті
Қоғам • Бүгін, 11:33