Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Ішкі істер министрі Ержан Саденов ІІМ Басқару академиясы базасында ашылған ұшқышсыз ұшу аппараттары операторларын даярлауға арналған мамандандырылған зертхана мен полигонның жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңа зертхананың басты ерекшелігі – FPV-дрондармен жұмыс істеудің толық циклын қамтуы. Мұнда 3D-принтерлерді пайдалана отырып бөлшектерді жобалау және дайындаудан бастап, дрондарды құрастыру, техникалық баптау және сынақтан өткізуге дейінгі барлық кезеңдер жүзеге асырылады.
ІІМ өкілдерінің айтуынша, бұл тәсіл тыңдаушыларға тек пилоттау дағдыларын меңгеріп қана қоймай, FPV-дрондардың құрылымын, жұмыс істеу қағидаттарын және пайдалану ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік береді.
«Құрылған полигон операторларды практикалық тұрғыда даярлауға арналған. Онда ұшқышсыз аппараттарды басқару дағдылары, маневр жасау және шынайы жедел оқиғаларға барынша жақындатылған ортада оқу тапсырмаларын орындау пысықталады», делінген хабарламада.
Материалдық-техникалық базамен қатар ІІМ Басқару академиясында ҰҰА операторларын даярлаудың мамандандырылған курстар жүйесі енгізілді. Атап айтқанда, Ashyq Aspan Foundation қорымен бірлесіп әзірленген оқытудың екінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Бұл кезең тереңдетілген практикалық даярлыққа, FPV-дрондармен жұмыс істеуге және күрделі жағдайларда шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Іс-шарада ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару бойынша мамандарды даярлау жүйесін одан әрі дамыту перспективалары, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінде ұшқышсыз технологияларды қолдану аясын кеңейту мәселелері талқыланды.
Қазақстан мен Қытай су саласының мамандарын даярлайтын колледж құрады
Соңғы жаңалықтар
Елордада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:13
ММА: Артем Резников Юсуп Зубариевпен күш сынасады
Бокс • Бүгін, 15:50
Астанадағы Майбалық көлінде екі балықшы құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 15:32
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» биылғы маусымда қанша табыс тапты?
Футбол • Бүгін, 15:09
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары Ла-Нунсиядағы турнирге қатысады
Бокс • Бүгін, 14:22
Атырау облысында бір жылда 974 адам жоғалып кеткен
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Абай облысындағы түзеу мекемесінде сотталған азамат көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 13:52
Гауһар Қуатқызы: Конституциялық сот рөлінің артуы құқық үстемдігін нығайтады
Ата заң • Бүгін, 13:05
Жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқан азамат жазаланды
Қоғам • Бүгін, 12:45
Жанар Аманжанқызы: Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа парадигма
Ата заң • Бүгін, 11:38
Шорт-тректен әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы қола медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 11:27
Назгүл Баймұхамедқызы: Конституция жобасы әділетті қоғам қалыптастыруға арналған маңызды құжат
Ата заң • Бүгін, 10:58
Синоптиктер ескерту жариялады: Еліміздің 12 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 10:32
Павлодарда салынып жатқан көпір өртенді
Оқиға • Бүгін, 10:18