Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша теңге?

18.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлеуге 395,2 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде 131,3 млрд теңге – базалық зейнетақыға, 263,9 млрд теңге – ынтымақты зейнетақыға жұмсалды. Биылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша, елдегі зейнеткерлер саны 2 млн 538 мың адамға жетті. Бұл – мемлекет үшін әлеуметтік міндеттемелердің ауқымы кең екенін аңғартатын көрсеткіш, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Орташа мөлшер

Қазіргі таңда жиынтық зейнетақының орташа көлемі 157 843 теңгені құрайды. Оның ішінде:

ынтымақты зейнетақы – 103 931 теңге,

базалық зейнетақы – 53 912 теңге.

Бұл көрсеткіштер зейнетақы жүйесінің екі деңгейлі құрылымына негізделген.

Ұлттық қордан 10 жыл ішінде жұмсалмаған қаржы зейнетақы шотына аударылады

Базалық зейнетақы қалай есептеледі?

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы әр азаматқа зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қарай жеке тағайындалады.

Еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ынтымақты жүйедегі жұмыс кезеңі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары аударылған уақыт кіреді.

Егер азаматтың жүйедегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, базалық төлем ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 %-ы мөлшерінде белгіленеді. 10 жылдан асқан әр жыл үшін төлем көлемі 2 %-ға ұлғаяды.

Мәселен:

20 жыл еңбек өтілі болса – 90%,

34 жыл және одан көп болса – күнкөріс деңгейінің 118%-ы төленеді.

Бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары бірнеше рет аударылса да, есептеу барысында ол бір айлық қатысу мерзімі ретінде саналады.

Сондықтан міндетті жарналар неғұрлым тұрақты әрі толық көлемде аударылса, зейнет жасына жеткенде базалық төлем соғұрлым жоғары болады.

Зейнетақы төлемі кешікпеуі үшін не істеу қажет?

Ынтымақты зейнетақы неге байланысты?

Жасына байланысты зейнетақы мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне (кемінде 6 ай болуы шарт) және зейнетке шығар алдындағы орташа айлық табысқа қарай айқындалады.

Осылайша зейнетақы көлемі азаматтың еңбек жолы мен зейнетақы жарналарының жүйелілігіне тікелей байланысты. Әлеуметтік төлемдердің тұрақтылығы – мемлекет саясатының басым бағыты.

Зейнетақы қорындағы ақша: бес жылғы тәжірибеден не ұқтық?

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің су қоймалары тасқын суға дайын ба?

Қоғам • Бүгін, 10:07

Рамазан айына 1 күн қалды

Руханият • Бүгін, 09:55

Бүгін қай өңірлерде жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:49

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:35

18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:29

Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз қай спорт түрлері бойынша бақ сынайды?

Қысқы спорт • Бүгін, 09:10

Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» португалиялық «Бенфикадан» басым түсті

Футбол • Бүгін, 09:07

Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің маңызды бағыты

Саясат • Бүгін, 09:00

Егемен елдің таңдауы жауапкершілікпен өлшенеді

Пікір • Бүгін, 08:55

Валюта бағамы: құбыла ма, тұрақтала ма?

Қаржы • Бүгін, 08:50

Сыр бойына жүгері де жерсінеді

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Софья Самоделкина қысқа бағдарламада қалай өнер көрсетті?

Спорт • Бүгін, 08:42

Қалдықты кәдеге жарататын кәсіпорын

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Farabi university: ғылым, инвестиция және дамудың жаңа кезеңі

Университет • Бүгін, 08:35

Цифрлық мәдени мұра

Мирас • Бүгін, 08:30

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью