Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстанда жаңа мемлекеттік награда - Қожа Ахмет Ясауи ордені пайда болады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығы алдында сөйлеген сөзінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда жаңа мемлекеттік награда - Қожа Ахмет Ясауи ордені пайда болады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығы алдында сөйлеген сөзінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жақын арада мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи орденін енгізу жөнінде Жарлыққа қол қоямын. Ата заңда Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткіштеріне ұқыпты қарауға міндетті деп тайға таңба басқандай жазылды. Бұл тарихи жәдігері мол Түркістан халқы үшін маңызды жаңашылдық деп ойлаймын", - деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев әлемге әйгілі ойшыл Қожа Ахмет Ясауиді, ең алдымен, қазақ халқының көрнекті өкілі ретінде қабылдау қажет екенін айтты.
"Қожа Ахмет Ясауиді әлемнің әрбір түкпірінде, әсіресе, ірі мемлекеттерде кең ауқымда дәріптеуіміз қажет, бірақ ең біріншіден Қазақстанның жұртшылығына танымал етуіміз керек. Осы тарихи тұлғаға жоғары сапалы туындыларды және фильмдерді арнауымыз керек. Еліміздің әрбір облысында Қожа Ахмет Ясауидің бірегей зияткерлік мұрасына арналған оқуларды ұйымдастыру қажет", - деді Президент.
21 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар түркі әлемінің қасиетті орындарының бірі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен басталды. Одан кейін Мемлекет басшысы Түркістан облысының жұртшылығы алдында сөз сөйледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!