Елімізде жарты жылда 2 мыңға жуық есірткі қылмысы анықталды

02.07.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында еліміздің ішкі істер органдары 1885 есірткі қылмысының жолын кесті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға көп, - деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. 

ІІМ мәліметінше, осы кезеңде 6 ұйымдасқан қылмыстық топтың, оның ішінде бір трансұлттық топтың қызметі тоқтатылды. Сонымен қатар 9 ұйымдастырушы мен 29 белсенді қатысушы ұсталды. Құқық қорғау органдары синтетикалық есірткіге қарсы күреске ерекше назар аударып отыр.

Ведомствоның мәліметінше, елде мефедрон, альфа-PVP және «тұз» деп аталатын синтетикалық есірткілерге сұраныс әлі де жоғары. Жылдың алғашқы алты айында заңсыз айналымнан 580 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2025 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 574 келіні құраған.

ІІМ синтетикалық есірткі өндірісі барған сайын ауылдық жерлерге ауысып жатқанын атап өтті. Жойылған 15 есірткі зертханасының шамамен 70 пайызы шалғай ауылдарда орналасқан. Сонымен қатар 12 тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Ведомствоның бағалауынша, осы химиялық заттардың көмегімен 1,5 тонна синтетикалық есірткі өндіруге болатын еді.

Олардың көмегімен 1,5 тонна синтетикалық есірткі дайындалуы мүмкін еді. Бұл улы заттар халыққа жеткен жоқ. Демек, мыңдаған адамның өмірі мен денсаулығы сақталып қалды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде синтетикалық есірткінің бағасы 25 мың теңгеден 35 мың теңгеге дейін қымбаттап, тапшылығы байқала бастады. Сондай-ақ оларды тасымалдауда және интернет-дүкендер арқылы сатуда қиындықтар туындап отыр, – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі Қуандық Әлжанов.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью