Елімізде жасанды интеллект электр станцияларына жол ашты

17.07.2026

Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

ЖИ арқылы жасалған сурет

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде жасанды интеллектіні энергетика саласына енгізу мәселесі талқыланды.

16 шілдеде өткен Қоғамдық кеңес отырысына вице‑министр Бақытжан Ілияс, кеңес төрағасы Жақып Хайрушев, кеңес мүшелері және министрлік өкілдері қатысты.

Кеңесте электр станцияларының цифрлық егіздерін дамыту, оларды білім беру бағдарламаларына енгізу және жасанды интеллектке негізделген пилоттық жобалар таныстырылды.

Мысалы, дрондар мен жасанды интеллект арқылы электр беру желілерін тексеру жобасы екі күнде 618 тіректі қамтып, 2 мыңнан астам суретті өңдеп, 6,8 мыңға жуық ақауды анықтаған. Ақауларды тану дәлдігі 98 пайызға жеткен.

Сонымен қатар Шымкентте жылу желілерін акустикалық резонанс технологиясы негізінде роботтандырылған диагностика жүргізілген. 1,2 шақырымнан астам құбыр тексеріліп, жөндеу шығындары 70 пайыздан аса қысқарған.

Отырыс қорытындысында энергетика саласында цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленді.

Бүгін, 14:47

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью