Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Фото: Polisia.kz
ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденовтың сөзінше, жыл басынан бері 8 миллионнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Оның ішінде 16 мыңнан астамы ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу және масаң күйде жүрудің 118 мыңға жуық дерегі және кәмелетке толмағандардың үйден тыс жерде болуына байланысты 83 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркеліп отыр.
«Мас күйінде көлік басқарған 12 мыңға жуық жүргізуші ұсталды, ал сот шешімімен 14 мыңнан астам жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар жолда жүру қағидаларын сақтамағаны үшін 245 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деді ол.
Ал профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмағандар жасаған құқықбұзушылықтар 9%-ға төмендеді.
Мұрат Қабденовтың айтуынша, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар осы саладағы заң бұзушылықтарды 7%-ға азайтуға мүмкіндік берді.
Күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 15 мыңнан астам қызметкер жұмылады екен.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркияда жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы мерт болған.