Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Елімізде автожолдардағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі кеңейтіліп жатыр. 2026 жылдың соңына дейін тағы 16 ақылы жол учаскесінде жаңа талап енгізіліп, ереже бұзған жүргізушілерге айыппұл салынады, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Polisia.kz (архив)
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашевтің мәліметінше, орташа жылдамдықты бақылау жүйесі 2024 жылдың соңынан бастап кезең-кезеңімен енгізіле бастаған. Қазіргі таңда бұл жүйе жалпы ұзындығы 1,8 мың шақырым болатын 8 ақылы жол учаскесінде жұмыс істеп тұр.
Жылдамдықты бақылау жүйесі 109 мыңнан аса заң бұзушылықты анықтады
Қабылданған шаралардың нәтижесінде республикалық жолдардағы жол-көлік оқиғаларының саны 20% азайған. Осы тәжірибені жалғастыру үшін 2026 жылдың соңына дейін тағы 16 учаскеде осындай жүйе енгізіледі.
Орташа жылдамдық – көліктің белгілі бір жол бөлігіндегі қозғалыс уақытына қарай есептелетін көрсеткіш. Яғни, екі камера арасындағы қашықтық жүріп өткен уақытқа бөлінеді. Бұл тәсіл жүргізушінің тек бір нүктеде емес, барлық учаскедегі қозғалыс тәртібін бағалауға мүмкіндік береді.
Жылдамдықты 59 рет асырған: Астанада Porsche жүргізушісі қамауға алынды
Орташа жылдамдықты асырғаны үшін бөлек жаза енгізілмейді. Жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 592-бабына сәйкес қарастырылған. 2026 жылы айыппұл мөлшері мынадай:
– 10-20 км/сағ аралығында асырса – 5 АЕК (21 625 теңге);
– 20-40 км/сағ – 10 АЕК (43 250 теңге);
– 40 км/сағ және одан жоғары – 20 АЕК (86 500 теңге);
– 1 жыл ішінде қайталанса – 30 АЕК (129 750 теңге);
– 60 км/сағ және одан жоғары – 40 АЕК (173 000 теңге).
Қазіргі уақытта орташа жылдамдықты бақылау Астана – Щучинск, Астана – Павлодар, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Тараз, Павлодар – Семей – Қалбатау, Орал – Ресей шекарасы (Саратов), Павлодар – Ресей шекарасы (Омбы), Жібек жолы – Теміртау бағыттарында қолданылады.
Статистикаға сәйкес, ең көп заңбұзушылық Шымкент – Қызылорда тасжолында тіркелген – 54 863 жағдай. Одан кейін Астана – Щучинск (29 330) және Астана – Павлодар (18 188) бағыттары тұр.
Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе жолдағы тәртіпті күшейтіп, апат санын азайтуды көздейді.
Астаналық полицейлер бейнекамера арқылы жол ережесін бұзғандарды анықтады
Соңғы жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18