Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Еліміздегі алимент өндіру бойынша сот бұйрықтары осы уақытқа дейін қалай орындалып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Ерлан Сәрсембаев жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
– Қазіргі кезде шетелден сот шешімдері алимент мәселесіне шығарылатын болса, ең алдымен ол еліміздегі сот арқылы біріншіден тану және орындау рәсімінен өтуі керек. Егер бас тартатын себептері болмай жатса, онда сот тиісті ұйғарымды шығарады. Осы ұйғарымның негізінде атқарушылық құжаттар беріледі. Оны сот орындаушы тиісті әрекеттерді қозғауға мәндетті болады. Жалпы айтсақ, осы тәртіп еліміздегі қолданыстағы Азаматтық процестік кодекстің 501-бабында нақты түрде көрсетілген. Жалпы, заңнамалық актілерімізде осы тәртіп көзделген, – деді Ерлан Сәрсембаев.
Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы Әділет министріне уағдаласушы тараптарда алименттерді өндіріп алу жөніндегі сот бұйрықтарын тану бөлігіндегі кәмелетке толмаған балалардың құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған болатын.
"Әдетте көп жағдайда барлық алимент сот бұйрықтары арқылы өндіріледі. Соның ішінде біздің елімізде де сондай. Осыған байланысты осы уақытқа дейін сот бұйрықтары қалай орындалды, әлде алимент бойынша сот бұйрықтары мүлдем орындалмай келді ме, осы хаттама шеңберінде біздің бұйрықтарымызды орындау және мойындау мәселесі қалай қамтамасыз етілмек", – деген мәселені көтерді депутат.