Еліміздегі ауыл мектептерін дамыту тәжірибесі халықаралық рейтингке енді

28.11.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Еліміздегі ауыл мектептерін дамыту тәжірибесі халықаралық HundrED Global Collection 2026 рейтингісіне енген. Бұл әлемдегі ең үздік 100 білім беру инновацияларының тізімі. Еліміздің бұл рейтингке енуіне «Келешек мектептері» ұлттық жобасы түрткі болды.

Былтыр ұлттық жоба аясында елде 105 жаңа мектеп салынса, оның тең жарымы ауыл-аймақта бой көтерген. Биыл да бұл үрдіс сақталды: 112 «Келешек мектебінің» 55-і аудандарда салыныпты. Келесі жылға 217 мектептің құрылысы жоспарланса, оның 80 шақтысы ауыл-аймақтың үлесіне тимек.

Оған қоса елімізде 1300 мектепті жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы іске қосылды. Осының аясында ауылдардағы 820 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Яғни үш жыл ішінде кітапхана-асханалары жаңартылып, спорт залдары қайта салынады. Сонымен бірге қоғамдық кеңістіктер құрылып, қауіпсіздік жүйелерін орнатылады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью