Еліміздегі ең ірі қоюландырылған сүт өндіру цехы өңірімізде ашылды

22.12.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

gov.kz

Мемлекет басшысы қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту мен импортты алмастыру елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудағы негізгі міндеттер екенін атап өтті. Осы орайда өңірде жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Бүгін «Eurasian Milk» сүтті терең өңдеу зауыты жаңа қоюландырылған сүт өндіріс цехын іске қосты. Салтанатты шараға  облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қатысты.

Жаңа өндірістік нысанның қуаттылығы жылына 12 мың тонна. Бұл елдің қоюландырылған сүт бойынша ішкі сұранысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Цех 98% автоматтандырылған. Қолданылатын барлық шикізат жергілікті өндірістен алынады. Кәсіпорын өңірдегі 18 сүт фермасымен келісім жасасты.

Бүгін, 09:36

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью