Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Қазақстандағы конституциялық реформа: мемлекет институттары мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының құқықтық негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Талқылауға Парламент Мәжілісінің депутаттары, прокуратура органдарының өкілдері, заңгер-ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
ҚазҰУ Басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев университет дәстүрлі түрде ел үшін тағдыршешті шешімдерді талқылайтын зияткерлік алаң болып саналатынын атап өтті. Оның айтуынша, конституциялық жаңғырту саяси жүйені сапалы жаңартудың және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтудың берік негізін қалайды.
«Мемлекетіміздің тарихында алғаш рет жаңа Конституция жобасы бүкіл қазақстандық қоғам тарапынан белсенді түрде талқыланып жатыр. Жаңа Конституция жобасына қатысты 10 мыңнан астам азамат өз ұсынысы мен пікірін білдірді», деді Жансейіт Түймебаев.
Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан конституциялық реформаның Қазақстанды демократияландыру бағытының заңды жалғасы екенін атап өтті. Оның сөзінше, жаңа құқықтық нормалар азаматтардың мемлекет басқару үдерістеріне қатысуын едәуір кеңейтіп, билік институттарын қоғамға ашық әрі есеп беретін етеді.
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова реформаның қоғамдық бақылауды институционалдандырудағы маңызына тоқталды. Ол Конституцияны жаңарту азаматтық сектордың дамуына қуатты серпін береді деген пікір білдірді.
«Қазіргі Конституцияда: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып…» делінсе, жаңа Негізгі заң жобасында: «Біз, Қазақстанның біртұтас халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтай отырып…» деп жазылған. Бұл норма тарихи байланысқа, унитарлық қағидаға және «Әділетті Қазақстанға» ұмтылысты айқындайды», деді ол.
Ресейдегі отандастарымыз жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс бере алады
Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков Негізгі заң жобасындағы негізгі өзгерістерге талдау жасап, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі прокуратура органдарының функционалдық рөліне тоқталды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар алдағы референдум «Әділетті Қазақстанды» құру жолындағы маңызды қадам болатынын атап өтті. Кездесу қорытындысында конституциялық жаңғырту жағдайында заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған сараптамалық ұсынымдар әзірленді.
Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда қанша адам дауыс бере алады?
Еске салайық, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өткізу жоспарланған.
Соңғы жаңалықтар
Жаңбыр мен қар, боран: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 18:35
Жаңа Конституция – елдің экологиялық қауіпсіздігінің берік тірегі
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жалпыұлттық коалиция: Жаңа Конституция Қазақстанның әділетті әрі орнықты дамуының негізіне айналады
Ата заң • Бүгін, 18:09
Ауылдан шығып, Азияны бағындырды
Спорт • Бүгін, 18:04
Экспортты ұлғайту жолында қандай кедергілер бар?
Экспорт • Бүгін, 17:52
Еңбек министрлігі: eGov арқылы өтініш беру төлемнің автоматты түрде тағайындалуына кепілдік бермейді
Қоғам • Бүгін, 17:46
Астанада үш жаңа автобус бағыты пайда болады
Елорда • Бүгін, 17:40
Қазақстанда нөмірді бір оператордан екіншісіне ауыстыру ережесі өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 17:34
Тоқаев Ұлттық банк Төрағасының орынбасарын лауазымынан босатты
Оқиға • Бүгін, 17:22
Жамбыл облысында Конституциялық реформаның саяси жаңғырудағы рөлі талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 17:21
Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады
Тарих • Бүгін, 17:13
Енді гормондық талдауларды ЖИ арқылы жедел тексеруге болады
Ғылым • Бүгін, 17:11
Фристайл-акробатика: Отандастарымыз Олимпиаданың финалына өте алмады
Қысқы спорт • Бүгін, 17:05
Атырауда топыраққа мұнай төккен компанияға 2,3 млн теңге айыппұл салынды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:52
Павлодарда салықтан жалтарған құрылыс алпауыттарынан 120 млн теңге өндірілді
Оқиға • Бүгін, 16:43