Еліміздегі технологиялық компанияларға қолдау көрсетіледі

09.07.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Кездесуді ашқан «Қазақтелеком» АҚ басшысы әрі партия Саяси кеңесінің мү­шесі Бағдат Мусин мемлекет пен отандық IT бизнес арасында өзара тиімді іс-қимыл орнамайынша, цифрлық эко­номика одан әрі дамымайтынын атап өтті.

«Бүгінде ақпараттық технологиялар саласына қатысты ең негізгі тапсырыс берушілердің бірі – мемлекет. Сондықтан IT компаниялармен өзара іс-қимыл барысы түсінікті ережелерге, ашық рәсімдерге және болжамды шарттарға негізделуі аса маңызды», – деді ол.

Тақырыпты жалғастырған Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин цифрлық мемлекеттің заңнамалық базасын дамыту, жасанды интеллект инфрақұрылымын қалыптастыру және жаңа экономикаға қажет мамандар даярлау мәселелері туралы баяндады.

Нарық өкілдері практикалық ұсы­ныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, Halyk Bank АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мукушев цифрлық мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін кеңейтуді және мемлекеттік цифрлық сервистерді әзірлеу ісіне бизнесті белсенді түрде тартуды ұсынды. Сондай-ақ технологиялық кәсіпкерлік, венчурлік қаржыландыру, платформалық жұмыспен қамту және саланың кадрлық әлеуетін дамыту мәселелеріне де баса назар аударылды. MOST Holding компаниясы­ның негізін қалаушылардың бірі Павел Коктышев венчурлік капитал нарығын дамыту бойынша ұсы­ныстарын айтса, Қазақстандағы inDrive компания­сының басшысы Арай Бекембаев платформалық жұмыспен қамтуды реттеу ісін жетілдіру мәселелеріне тоқ­талды. Ал Қазақстандық IT ком­паниялар қауымдастығының президенті Айымгүл Әбілева отандық IT компа­ниялардың жүйелі жұмыс істеуі үшін неғұрлым болжамды жағдай қалып­тастыруға қатысты ұсыныстарын жет­кізді.

Сарапшылар цифрлық мемлекетті дамыту, заңнаманы жетілдіру, отандық IT компанияларға қолдау көрсету, жасанды интеллектіні енгізу және цифрлық экономикаға қажет кадрлар даярлау бағытындағы өз ұсыныстарымен бөлісті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью