Елімізді Өзбекстанмен жалғайтын Сарыағаш айналма жолы салынады

26.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Биыл оңтүстік өңірді Өзбекстан республикасымен жалғайтын Сарыағаш айналма жолы салынады.

Оның ұзындығы 102 шақырымға дейін жетпек. Елдегі көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жоба республикалық маңызы бар «Жібек жолы - Жетісай» тасжолына балама бағыт ретінде қызмет көрсетеді. Қазір сол жолдан күніне тәулігіне 35-40 мың көлік қатынайды. Жауаптылар жаңа жобаның Сарыағаш пен оған іргелес аумақтардағы көлік жүктемесін азайтып, транзиттік транспорттың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтады.

Мейіржан Жалайыров, жолаушылар көлігі және автожолдар басқарма басшысының орынбасары:

- Сарыағаш қаласының ішін және Келес ауданының орталығы Абай ауылының ішіндегі кептелістерді біршама азайтатын болады. Сарыағаш айналма жолының жоба құны 238 млрд теңгені құрап отыр. Жобасы жасалып қойған. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп жатыр. Сарыағаш айналма жолын салу жобасы біздің өңірге үлкен бір серпін береді деп ойлаймыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью