Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің инфрақұрылымы жаңғыртылып, қазіргі заманғы колледждерде жастарды оқыту үшін жағдайлар жасалып жатыр.
Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады.
© Sputnik / Санат Имангалиев Жұлдыз Сүлейменова
Жұлдыз Сүлейменова
© Sputnik / Санат Имангалиев
"Жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер есебінен 174 колледж, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар қолдауымен 13 колледж жабдықталған. Десе де еліміз бойынша 143 мемлекеттік колледждің материалдық-техникалық базасын шұғыл жаңарту талап етіледі", - деді Сүлейменова.
Саланы одан әрі жаңғырта түсу үшін еліміздің 11 өңірінде 13 жаңа заманауи колледж салу көзделген.
Бұл өңірлердегі тапшылықты азайтып, жастарымызды заманауи, жабдықталған ортада сапалы кәсіптік біліммен қамтамасыз етуге тікелей мүмкіндік бермек.