Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) 2025 жылғы 30 тамыздан 15 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасында өткізілген авиациялық қауіпсіздіктің кешенді аудитінің (USAP-CMA) нәтижелерін ресми түрде жариялады.
Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстанда ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7% болды. Бұл көрсеткіш әлемдік орташа деңгейден (72,01) және Еуропа елдерінің көрсеткішінен (87,92%) жоғары.
Қазақстанның нәтижесі ТМД елдері мен ИКАО-ның Еуро-Азиаттық (EUR/NAT) аймағы бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Салыстырмалы түрде:
Әзербайжан - 74,66%
Өзбекстан - 85,47%
Қырғызстан - 85,76%
Грузия - 89,75%
Беларусь - 91,85%
Ресей - 94,14%
Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік бойынша алдыңғы көрсеткіші 83% болатын.
Осы көрсеткіштердің сәйкестігі қазақстандық әуежайлардың қауіпсіздігінің жоғары деңгейін көрсетеді, бұл әуе компаниялар тарапынан сенімнің өсуіне, сондай-ақ АҚШ-қа тікелей рейстерді ашу үшін ұшулардың бірінші санатын алуға ықпал етеді.
ИКАО-ның жоғары бағасы еліміздің авиациялық саласында 2019 жылдан бастап іске асырылған кешенді реформалардың, Қазақстанның авиациялық әкімшілігін дамытудың, мамандардың біліктілігін арттырып, тәуекелге бағдарланған бақылау тетіктерін енгізуді қоса алғанда, биік нәтижелердің көрсеткіші. Сондай-ақ бұл Қазақстанның жаһандық авиациялық қауіпсіздік жүйесіне жоғары интеграциялануын растайды.