Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады

15.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: istockphoto.com

Ең жоғары температура Түркістан (+41…+43°C), Шымкент (+40…+42°C) және Қызылордада (+40…+42°C) күтіледі.

Астанада соңғы 85 жылда болмаған ең ыстық ауа температурасы тіркелді

Сондай-ақ Таразда ауа +39…+41°C, Қонаев пен Жезқазғанда +36…+38°C-қа дейін ысиды.

Астанада бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр мен найзағай болжанады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +34…+36°C болады.

Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай және Орал қалаларында да жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Ал Алматы, Ақтау, Атырау, Семей, Өскемен және еліміздің оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады.

Аптап ыстық: Францияда үш ядролық реактордың жұмысы тоқтады

Синоптиктер тұрғындарға ұзақ уақыт далада серуендемеуге және дауылды ескерту жарияланған өңірлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» шілде айында елімізде 44 градусқа дейін күн ыситындығын хабарлаған еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью