24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Алдағы күндері қыс қаһарына мінеді. Әсіресе еліміздің солтүстік, шығыс өңірлерін сарышұнақ аяз қысып, ауа температурасы -30 -38 градусқа дейін төмендейді.
Суық антициклонның әсерінен жел екпіні күшейіп, секундына 28 метрге дейін жетеді. Бұл туралы Казгидромет мамандары хабарлап отыр. Бүгін Елордада дауылды ескерту жарияланды. Қалада қалың қар жауып, ақ түтек боран соғып тұр. Екінші ауысымдағы бір мен 4-сынып аралығындағы оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.