Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
— Ұшқышсыз ұшу аппараттары қайдан келгенін және қай елдікі екенін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына ҚР Қарулы күштерінің сарапшылары енді, — деді ол.
Сондай-ақ Мұстабеков елімізде дрондардан қорғанатын құралдар жеткілікті екенін атап өтті.
— Қазақстанның әуе қорғанысы құралдары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Әуе кеңістігіміз бұзылған жағдайда, ондай фактілер тіркеуге алынады. Сондықтан қандай да бір заңнамалық актілерді өзгертуге не жаңасын қабылдауға қажеттілік жоқ деп есептеймін, — деді ол.
Айта кетейік, 26 наурызда БҚО аумағынан ұшқышсыз ұшатын аппарат табылды.
Үш күннен соң, Атырау облысының аумағынан да ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылды.