Еліміздің болашағы үшін әр дауыс маңызды Мәулен Әшімбаев

23.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

– Бүгін – егемен еліміздің жылнамасына ерекше екпінмен жазылатын тарихи күн. Халқымыз алғаш рет Құрылтай депутаттарын сайлап жатыр. Осындай жауапты кезеңде әр азаматтың белсенділігі маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз де сайлау учаскесіне барып, өз таңдауымызды жасадық.

Жалпы, бұл сайлау – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың дәйекті жалғасы. Сондай-ақ жалпыұлттық референдумда азаматтар қолдаған халық Конституциясының іс жүзіндегі жарқын көрінісі.

Бұған дейін айтылғандай, Құрылтайдың қызметі ашықтық, кең өкілдік және халық алдындағы есептілік қағидаттарына негізделеді. Бұл Мемлекет басшысы айтқан «Мықты Президент – Ықпалды Құрылтай – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына табан тірейді. Мұндай жүйелі әрі кешенді өзгерістер Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадамдар екені анық.

Осы орайда барша сайлаушыларды ұлт келешегіне тікелей ықпал ететін үдерістен тыс қалмай, өздерінің конституциялық құқығын пайдаланып, таңдау жасауға шақырамын.

Еліміздің болашағы үшін әр дауыс маңызды. Сондықтан азаматтар осы жауапкершілікті сезініп, белсенділік танытады деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью