Еліміздің дарынды жастары марапатталды

22.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Дарынды жастар «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері атанды. Бүгін мәдениет, ғылым, медиа, ақпараттық технологиялар, бизнес және волонтерлік бағыт бойынша үздік 30 жасқа 3 миллион теңге көлемінде мемлекеттік сыйақы табысталды. 

Мемлекет басшысының бастамасымен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен байқауға биыл 1700-ге жуық өтінім кеп түскен. Сайысқа елдің әр аймағынан 14 пен 35 жас аралығындағы шығармашыл, белсенді жастар іріктеп алынып, олардың әрқайсысы өз саласы шеңберінде қоғам игілігіне қажетті соны жобаларын ортаға салды. Үздік деп танылғандары бас қалада марапатталды.

Арайлым Есенбекова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы:

- Мен ғылым бағыты бойынша өзімнің жұмысымды, жобамды ұсындым. Жалпы жұмысым метоболикалық синдромы бар аурулардағы молекулалық механизмдерді зерттеу болып табылады. Соның ішінде қант диабеті аурулары. Ерте асқынулардың алдын анықтау барысында осы микро РНҚ-ларды зерттеу бойынша осы өзімнің проектімді ұсындым.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью