Еліміздің екі өңірінде көлік қозғалысы шектелді

04.02.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қостанай облысы

4 ақпан сағат 14:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 8-108 шақырымы аралығында (Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. 

Маңғыстау облысы

4 ақпан сағат 14:30–да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Таушық — Шетпе» автожолының 0-70 шақырым аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұдан бұрын 29 қаңтардан бастап республикалық маңызы бар 14 ақылы жол учаскесінде төлемақы есептеу тәртібі жаңарғанын жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью