Еліміздің гарнизондарында әскери міндеттілердің оқу жиындары жалғасуда

14.07.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Гвардейск гарнизонының 22326 әскери бөлімінде Алматы және Жамбыл облыстары мен Алматы қаласынан келген 236 әскери міндетті қайта дайындыққа кірісті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бір ай бойы олар сұранысқа ие әскери-есептік мамандықтар бойынша білімдерін жетілдіреді. Байланыс, барлау және артиллерия мамандарын даярлауға, сондай-ақ бөлімшелер құрамында үйлесімді іс-қимыл жасауға барынша назар аударылады.

– Негізгі басымдық практикалық даярлыққа және бөлімшелер құрамындағы іс-қимылдарға берілді. Оқу жиындары аяқталған соң әскери міндеттілер өздерінің әскери-есептік мамандықтары бойынша сынақтар мен емтихандар тапсырады. Дайындық деңгейі жақсыларға белгіленген тәртіппен кезекті әскери атақтар беріледі, – деді жиынның штаб бастығы подполковник Жақсылық Мырзалиев.

Қордай аудандық ауруханасында рентгенолог болып жұмыс істейтін әскери міндетті Ерік Жексебай мұндай жиындардың бұрын алған білім мен дағдыларды жаңғыртып, бекітуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

– Мерзімді әскери борышымды өткергеніме біраз жыл болды. Сондықтан бұл жиын бұрын білгенімді жаңғыртып, практикалық даярлықтан қайта өтуге жақсы мүмкіндік. Әскери міндетті ретінде өз жауапкершілігімді сезіне отырып, жиынға саналы түрде келдім. Мұндай дайындық әрдайым қажетті әзірлік деңгейін сақтауға мүмкіндік береді, – деді ол.

Оқу жиындары Приозерск гарнизонындағы 06708 әскери бөлімінде де басталды. Салтанатты рәсімнің маңызды сәттерінің бірі – оқу жиындарына алғаш рет шақырылған әскери міндеттілердің Әскери ант қабылдауы болды.
Оқу кезеңінде қатысушылар әскери киім-кешекпен, тамақпен, жеке қорғаныс құралдарымен қамтылып, медициналық қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар олардың жұмыс орны мен лауазымы сақталады, ал орташа жалақысы республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью