Еліміздің көк байрағы Милан төрінде желбіреді Туризм және спорт министрі

14.02.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Е.Мырзабосынов еліміз бұл жүлдені 30 жылдан астам уақыт бойы күткенін еске салды.

— Барлық қазақстандықтарды осы трихи алтан медальмен құттықтаймын. Михаил Шайдоров осындай күрделі спорт түрінен еліміздің абройын асқақтатып, тарихи жеңіске жетті, — деді министр.

Ол сонымен қатар бұл жеңіске атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстың арқасында қол жеткенін баса айтты.

— Спорт — еліміздің халықаралық беделін көтеретін сала. Қаншама елдер бізді осы тарихи нәтижемен құттықтап жатыр. Қазіргі уақытта елімізде осы мәнерлеп сырғанау сияқты күрделі спорттан медаль еншілейтін спортшыларымыз бар. Біз барлық спортшыларымызға сенеміз, барлығына сәттілік тілейміз, — деді Ербол Мырзабосынов.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Михаил Шайдоров араға 32 жыл салып, ел қоржынына қысқы Олимпиада ойындарының кезекті алтын жүлдесін сыйлады. Марапаттау салтанатынан кейін спортшы БАҚ өкілдеріне шағын сұхбат беріп, қазақстандықтарға сәлемін жолдады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью