Еліміздің оңтүстігінде 40 градусқа дейін күн ысиды

07.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: istockphoto.com

Астанада күн құбылмалы болып, күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы 30-32 градусқа дейін жетеді.

Алматыда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай соғады. Ауа температурасы 30-32 градус шамасында болады.

Оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады. Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтеріледі.

Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Семей және Өскеменде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ болжанып отыр. Ал Қарағандыда күндізгі температура салыстырмалы түрде төмендеп, 25-27 градус болады.

Синоптиктер ауа райы қолайсыз өңірлерде тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Қазақстанда шілде айында 44 градусқа дейін күн ысиды

Айта кетейік, «Қазгидромет» ұсынған болжамға сәйкес, тамыз айы әдеттегіден ыстық болады. Елдің оңтүстігінде кей күндері ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью