Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
– 28 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар түнде Астана, Көкшетау, Өскемен, Риддер қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске сала кетсек, Қазақстан «Орталық Азияның жасыл қалқаны» бастамасын ұсынды.
Сондай-ақ 2100 жылға қарай мұздықтардың 85%-ы жойылуы мүмкін – Орталық Азия елдері ортақ әрекетке көшті.