Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина Australian Open ашық чемпионатының финалында есе жібергенімен, қомақты жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Чемпионаттың финалында Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Бельгия өкілі Элизе Мертенс пен қытайлық Чжан Шуай жұбына 6:7, 4:6 есебімен есе жіберді.
Australian Open финалына шыққаны үшін Анна Данилина 300 мың доллар (шамамен 150 миллион теңге) көлемінде жүлде қаржысына ие болды. Бұл сома Александра Круничпен тең бөлінеді, сондықтан отандасымыздың үлесі шамамен 150 мың долларды (75 миллион теңге) құрайды.
Australian Open-2026: Анна Данилина ширек финалға жолдама алды
Сонымен қатар Данилина аралас жұп санатында да өнер көрсетіп, америкалық Трейси Джеймспен бірге ширек финалға дейін жетті. Бұл нәтиже оған тағы шамамен 49 мың доллар (24,5 миллион теңге) жүлде әкелді.
Осылайша, Анна Данилинаның Australian Open турниріндегі жалпы жүлде қоры 199 мың долларды (шамамен 100 миллион теңге) құрады.
Еске сала кетейік, ширек финалда Анна Данилина мен Александра Крунич Катерина Синякова мен Тэйлор Таусендті жеңсе, жартылай финалда қазақстандық-сербиялық дуэт Габриэла Дабровски мен Луиза Стефаниден басым түсті.
Соңғы жаңалықтар
Солтүстік өңірлерге ерекше мәртебе берілетіні рас па?
Қоғам • Бүгін, 15:30
Жасанды интеллект медиа саласын қалай өзгертеді? FIPP төрайымы медианың болашағы туралы
Сұхбат • Бүгін, 15:13
Заңсыз жекешелендіру: Қыздар педагогикалық университетінің ғимараты мемлекет меншігіне өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:48
Алматы маңындағы ауыл шаруашылығы жерлерін бөлшектеу қашан тоқтайды?
Оқиға • Бүгін, 14:10
Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды
Энергетика • Бүгін, 13:17
Серік Жұманғарин: Президент ЕАЭО аясындағы ортақ жұмысымыздың басым бағыттарын айқындады
Саясат • Бүгін, 12:48
Жетісуға былтыр 40 мың экотурист келген
Аймақтар • Бүгін, 12:26
«Ұлттық қор – балаларға»: 18 жасқа толған 200 мыңнан астам қатысушы мақсатты жинақтарын пайдаланды
Қаржы • Бүгін, 12:00
Атырауда инватакси қызметінде заң бұзушылықтар анықталды
Оқиға • Бүгін, 11:52
Ұлттық қордан берілетін төлемдер: Балалардың шотындағы қорытынды сома 370 долларды құрады
Қаржы • Бүгін, 11:30
Мемлекет басшысының бастамасымен болашақ ұрпақтың табысы жыл сайын артып келеді
Қаржы • Бүгін, 11:30
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
Ата заң • Бүгін, 11:16
Қаржы • Бүгін, 11:10
Жаңа Конституция жобасында азаматтардың құқығын цифрлық ортада қорғау нормасы бекітілді
Ата заң • Бүгін, 11:02
Ұлттық қордан 6,9 млн баланың шотына 130 доллардан түсті
Қаржы • Бүгін, 11:00