Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ел біріншілігіне Қазақстанның 17 өңірінен 265-тен астам спортшы қатысады. Үш күнге жалғастын жарыста ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сындарда, сондай-ақ 4×100 м және 4×400 м аралас эстафеталарында жалпы 48 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Жарыс жолына ұлттық құраманың көшбасшылары Каролин Чепкоеч Кипкируи, Дэйзи Джепкемей, Кристина Овчинникова, Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева, Анастасия Рыпакова, Мария Ефремова, Аделина Земс, Андрей Соколов, Эльнур Мухитдинов, Иван Иванов, Иван Товченник, Виктория Ан, Виталий Земс, Вячеслав Земс және басқа да жетекші спортшылар шығады.
Жеңіл атлетика федерациясы мен Қазақ ұлттық спорт университеті меморандум жасасты
Чемпионат қорытындысы бойынша, алдағы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы жасақталады.
Жарыс Қазақ ұлттық спорт университетінің жаңа стадионында өтеді. Ал лақтыру түрлері бойынша бәсекелер Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінің арнайы секторында ұйымдастырылады.