Еліміздің зейнетақы жүйесі өзгеріске ұшырай ма Еңбек министрлігінің жауабы

13.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Агенттіктің ресми сауалына жауап берген ведомство зейнетақы жүйесінде өзгерістер орын алуы мүмкін екендігін жоққа шығармады. Бірақ, дәл қазіргі уақытта жүйені реформалау бойынша нақты шешім қабылданбағанын, ал барлық ұсыныс кешенді түрде қарастырылып жатқанын атап өтті.

Министрліктің түсіндіруінше, еліміздің қолданыстағы зейнетақы жүйесі үш компоненттен — ынтымақты, базалық және жинақтаушы зейнетақыдан тұрады. Олар түрі қағидаттар бойынша қалыптасады.

— ынтымақты зейнетақы еліміз жинақтаушы модельге көшкен 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі өткерілген еңбек өтілін ескере отырып тағайындалады;
— базалық зейнетақы зейнет жасына жеткен барлық азаматқа беріледі және зейнетақы жүйесіне қатысуының жалпы өтіліне байланысты болады;
— жинақтаушы зейнетақы міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарнасы есебінен қалыптастырылады және жинақ көлеміне тәуелді.

Сондай-ақ ведомство зейнетақы жүйесін одан ары дамыту мәселесі қаржы реттеушісімен және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен бірге халықаралық тәжірибені ескере отырып пысықталатынын атап өтті. Бұл ретте жүйенің ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болмақ.

Еңбек министрлігі сенатор Амангелді Нұғмановтың жасқа байланысты зейнетақы тағайындау үлгісінен еңбек өтіліне негізделген жүйеге кезең-кезеңімен көшу ұсынысы да қарастырылатынын атап өтті. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью